Перизат Қайраттың Mercedes-Benz автокөлігі мемлекеттік кәсіпорынға берілді

Не болды?

Перизат Қайраттың Mercedes-Benz автокөлігі мемлекеттік кәсіпорынға берілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Электронды сауда сайтына Перизат Қайраттың 2024 жылы шығарылған Mercedes-Benz S450 автокөлігін сатып алу үшін екі өтінім түскен. Көлік мемлекеттік заңды тұлғаға берілген. Алайда нақты қай мемлекеттік кәсіпорын екені көрсетілмеді.

Аукцион сипаттамасы бойынша, 777KPK01 мемлекеттік нөмірі, Pandora дабылы мен қуаты таусылған аккумуляторы бар қара Mercedes-Benz S450 жақсы жағдайда деп жазылған. Көлік құны — 79,4 млн теңге.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылып, түскен қаражат оның әрекетінен зардап шеккендердің шығынын өтеуге жұмсалатынын мәлімдеген еді.