Не болды?
Енді Қазақстан азаматтары әлеуметтік желіге пікір немесе жазба жазғаны үшін де жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Бас прокуратура ақпаратына қарғанда, цифрлық ортада ешкім құпия бола алмайды. Ғаламтордағы кез келген әрекет «цифрлық із» қалдырады. Заңға қайшы жазба анықталса, олардың авторы жауапқа тартылады.
Заң бойынша, жала жабу, қорлау немесе жалған ақпарат тарату жауапкершілік арқалауға міндеттейді. Сөз бостандығы шексіз еркіндік емес. Ол басқа адамдардың құқығын бұзуға сылтау бола алмайды, — деп жазды прокуратураның баспасөз қызметі.
Поркуратураның мәліметіне қарағанда, кез келген ақпарат негізделетін болжам мен жорамал емес факт болуға тиіс.
Естеріңізге салайық, Бас прокуратура жалған ақпарат пен алауыздыққа қатысты ескерту жасаған еді.
