Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы бірінші нөмір мәртебесінен айырылды

Не болды?

Қазақ спортшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтиңде бірінші орыннан алынып тасталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

BoxRec сайты орта салмақ дәрежесінің жаңа рейтиңін жариялады.
Енді рейтиң көшбасшысы — Куба спортшысы Эрисланди Лара. Екінші орында Доминика боксшысы Карлос Адамес, ал үшінші сатыда британдық Конор Бенн тұр.
Мұндай өзгеріс қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлының допиң дауына байланысты уақытша шеттетілгесін болды. Боксшы кәсіби мансабында жеңілмесе де, BoxRec нұсқасы бойынша орта салмақтағы бірінші нөмір мәртебесінен айырылды.

Кәсіпқой бокс біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес! Біз спорт жағындамыз! Біз қазақылық бағытындамыз! Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар, азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар! Бұл — өмір заңы! Әр қиындықтан соң қуаныш барын ұмытпаймыз, — деп жазды боксшы өз Instagram парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

Анықтама

Жәнібек Әлімханұлы — қазақ боксшы. 2025 жыл соңында оның анализінен допиң табылған еді. Спортшы бұл үшін 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін спорттан шеттетілген.

BoxRec тізімінің басты ерекшелігі — ресми ұйымдардың (мысалы, WBO, IBF) рейтиңі сияқты субъективті шешімге емес, нақты факт пен математикалық алгоритмге негізделеді.

Контекст

Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 10 наурызда міндетті титулдық жекпе-жекті өткізе алмағасын, IBF одан чемпиондық белбеуді алып қойған еді. Алайда WBO оның орта салмақтағы чемпион мәртебесін сақтап қалды.