Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы International Boxing Federation (IBF) тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстан бокс федерациясы президенті Рахымжан Ерденбековтың мәліметінше, IBF тарапынан ресми хат жолданған. Онда Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін бокстан шеттетілгені көрсетілген.
Оның айтуынша, IBF ережесіне сәйкес кез келген салмақ дәрежесіндегі чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауға тиіс. Ал Жәнібек Әлімханұлы бұл титулды 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы керек болған.
Қазіргі жағдайға байланысты 2026 жылғы 5 наурызда IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялау туралы шешім қабылдады, – деді федерация басшысы.
Сонымен қатар Қазақстан бокс федерациясының президенті бұл жағдай боксшының командасына үлкен сабақ болғанын айтты.
Ал Жәнібек Әлімханұлының командасы IBF қабылдаған шешімге апелляциялық шағым түсіруге ниетті.
