Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара биатлоннан Миланда өткен қысқы паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовпен және жаттықтырушыларымен кездесті. Министр отандық спорттың дамуына қосқан елеулі үлесі мен халықаралық ареналардағы жоғары жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады, — делінген хабарламада.

Ербол Хамитов – Қазақстанның пара спорттағы әлемдік деңгейдегі жетекші спортшыларының бірі. Оның басты ерекшелігі – әмбебаптығы. Ол пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бірдей жоғары нәтижелер көрсетіп, төзімдік, дәлдік және тактикалық шеберлікті шебер ұштастыра біледі.

Спортшы жуырда Италияның Милан-Кортина қалаларында өткен XIV қысқы паралимпиадада ел қоржынына пара биатлоннан алтын, пара шаңғы жарысынан қола медаль салды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да