Шымкент қаласында 2025-2026 жылғы жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Шымкентте көктем мезгілінің басталуына және ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымын 1 сәуірде аяқтау жоспарланып отыр, — делінген Шымкент әкімдігінің хабарламасында.
Әкімдіктің мәліметінше, қызмет сапасын арттыру мақсатында тұрғындардың өтініштері негізіндегі тиісті жұмыс жыл бойы жалғаса береді.
Сонымен қатар әкімдік сыртқы жылыту жүйелерін жөндеу немесе профилактикалық жұмыс жүргізу қажет болған жағдайда Шымкенттің энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынды.
