Қазақ спортшы Ербол Хамитов 2026 жылғы Милан–Кортина қысқы паралимпиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ол пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із қуу жарысында тамаша нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік саналады. Сонымен қатар Хамитовтың алтын жүлдесі ел тарихындағы пара биатлоннан алынған алғашқы алтын медаль болды.
Айта кетейік, бұл Ербол Хамитовтың осы паралимпиададағы екінші жүлде. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысында қола жүлде иеленген еді.
