Не болды?
Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Федерация баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ол бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында жұмыс істейді.
Анықтама
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев — 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Екі дүркін әлем және Азия чемпионы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Парасат орденінің, Вәл Баркер Кубогінің иегері.
Контекст
Естеріңізге салайық, Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
