Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев. Фото: Olympic.kz
Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, Серік Сәпиев ҚР туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогының үйлестірушісі қызметін атқарады. Бұл тағайындау биылғы жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында қарастырылған ротация жүйесі аясында жасалған.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының әкімдігі Серік Сәпиев пен оның орынбасарының жұмыстан кеткенін хабарлаған еді.