Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің төртінші кезеңіне өтті

Не болды?

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) турнирінің төртінші кезеңіне өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, әлемнің екінші ракеткасы, еліміздегі әйелдер теннис құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші кезеңінен сәтті өтті. Ол Украина спортшысы Марта Костюкті 6:3, 6:4 есебімен басып озды. Марта Костюк – WTA рейтиңінде 27-орынға табан тіреген спортшы.

Енді Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алу үшін Аустралия теннисшісі Талия Гибсонмен күш сынасады. Ол WTA рейтиңінде 68-орында тұр.

Контекст

Естеріңізге салайық, 13 наурызда Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізген еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да