Блогерге халықаралық іздеу жарияланды

Не болды?

Қазақстан қаржы мониториңі агенттігі блогер Ильяр Ювашевке мемлекетаралық іздеу жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Аndersonchik1 лақап атымен танымал Қазақстан азаматы 1998 жылы дүниеге келген. Ол 2024–2025 жылдары заңсыз интернет-казино желісін және mellstroy.game-ді құруға жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркелген. POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен, – деп жазды баспасөз қызметі.

Қаржы мониториңі агенттігі күдікті туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Астана қаласындағы экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуды сұрайды.

Контекст

Естеріңізге салайық, қазақ видеограф Дастан Мұхамедрақым әлемдегі үздік тревел-блогер болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да