Не болды?
29 наурыздан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көлік министрлігінің мәліметіне қарағанда, Ташкент – Атырау бағытында Uzbekistan аirways компаниясының Airbus A320 ұшағы бастап қатынайды. Ұшақ аптасына екі рет дүйсенбі мен жұма күндері рейске шығады.
“Жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда өткен Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдары арасындағы келіссөз себеп болды. Бұл екі елдің іскерлік, экономика мен туризм қатынасын нығайтуға ықпал етеді”, – делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, 11 шілдеден бастап вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсін іске қосады.
