Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ханой – Алматы – Прага рейсі қашан іске қосылады?

Фото: VietJet Air
11 шілдеден бастап вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы ХанойАлматыПрага бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көлік министрлігі мәліметінше, рейстер аптасына екі рет Airbus A330 әуе кемесімен орындалады. Бағыт әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығы негізінде жүзеге асады.

Жаңа бағыт «ашық аспан» режимі аясында ашылады. Бұл саясат халықаралық әуе қатынасын дамытуға және шетелдік әуе компанияларын тартуға қосымша мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері аталған рейс туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстарды дамытуға серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар бұл бағыт Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Жаңа әуе қатынасы Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік әлеуетін арттырып, халықаралық маршруттар желісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мақалаға реакция