19 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қазақстан аумағының басым бөлігінде алдағы тәуліктерде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, тек елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ал солтүстік пен шығыста аралас жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі.

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады. Сонымен қатар, бірқатар аймақта жел күшейеді.

Ірі қалалардағы ауа райы:

  • Астана – тұман, көктайғақ, түнде -8…-10°C, күндіз +1…+3°C

  • Алматы – жауын-шашынсыз, түнде -1…+1°C, күндіз +13…+15°C

  • Шымкент – жаңбыр, найзағай, күндіз жел күшейеді, +16…+18°C

  • Ақтау – түнде аздаған жаңбыр, күндіз +15…+17°C

  • Қарағанды – тұман, көктайғақ, түнде -8…-10°C, күндіз -1…+1°C

Синоптиктер жолдарда көктайғақ пен тұманға байланысты жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.