FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстердің тоқтау мерзімін 19 сәуірге дейін ұзартты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бұған дейін тасымалдаушы халықаралық рейс тек наурыз айының соңына дейін уақытша тоқтағанын хабарлаған болатын. Алайда компанияның мәліметінше, шешімнің ұзаруына Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал әсер еткен.
Әуе компанияның баспасөз қызметі рейстердің тоқтатуы өңірдегі қауіпсіздік жағдайына байланысты екенін хабарлап отыр.
Осы кезеңге билет сатып алған жолаушыға мынадай мүмкіндік ұсынылады:
- билет құнын айыппұлсыз толық қайтару;
- немесе ұшуды басқа күнге тегін қайта брондау.
