Астана – Қарағанды – Алматы тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 18 наурыз күні Балқаш қаласы жағынан Қарағанды бағытына қарай, Ақшатау кентінен 40 шақырым жерде болған.
Алдын ала дерек бойынша, Chevrolet Cobalt көлігін басқарған 30 жастағы жүргізуші ұзаққа созылған бұрылыста көлікті тізгіндей алмай, салдарынан көлік аударылған.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге, сонымен қатар белгіленген жылдамдықты асырмауға шақырды.
