Атыраудағы әскери бөлімде сарбаз қаза болды

Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде сарбаз қаза болды. Бұл оқиғаны қорғаныс министрлігі растады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қайғылы жағдай 12 наурыз күні Атырау гарнизонында даладағы жоспарлы жаттығу кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қаруды қолдану кезіндегі абайсыздық салдарынан болуы мүмкін.

Ведомство мәліметінше, жарақат алған сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажет көмек көрсетілген. Алайда дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Аталған факті бойынша ҚР ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қорғаныс министрінің тапсырмасымен жан-жақты әрі объективті тексеру жүргізу үшін вице-министр басқаратын арнайы комиссия оқиға орнына жіберілді, — делінген хабарламада.

Қазақстан қарулы күштерінің қолбасшылығы марқұм сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына заңнамаға сәйкес барлық қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да