Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

Қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Елена Рыбакина әлемдік рейтиңде бесінші орында тұрған америкалық Жессика Пегуламен кездесті. Кездесу Рыбакинаның айқын басымдығымен өтті.

Спортшы қарсыласын екі сетте — 6:1, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Матч 1 сағат 30 минутқа созылды. Жартылай финалда Рыбакина украиналық теннисші Элина Свитолинамен кездеседі.

Бұл жеңістен кейін Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанады. Өйткені ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек Свитолинаға есе жіберді. Дүйсенбі күні жаңартылатын рейтиңде Рыбакина мен Швёнтек ресми түрде орын ауыстырады.