Соғыста қаза болған сарбаздардың сүйегі Қазақстанға жеткізілді

Астанада Екінші дүниежүзі соғысы жылдарында қаза болған Байбол Рахметов пен Мұсақан Қалмұрзаевтың сүйегін тапсыру рәсімі өтті.

Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қаза болған жауынгерлердің туған жеріне оралуына Ресей Федерациясының Псков облысында далалық зерттеулер жүргізген іздеу жасақтары мұрындық болды, — делінген хабарламада.

Рәсім Қазақстан қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті. Орталық әскери оркестр мен құрметті қарауыл ротасы Қызыл Армия әскерлерінің сүйегін құрметпен қарсы алды.