Елімізде тағы 6 жол ақылы болады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев 2026 жылы алты жолда төлем жүйесі енгізілетінін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алты жолдың жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болады. Олар:

  • Қарағанды — Балқаш — Бурылбайтал – 554,6 км;
  • Бурылбайтал — Құрты – 226,4 км;
  • Ақтөбе — Қандыағаш — Мақат – 89 км;
  • Талдықорған — Өскемен – 773 км;
  • Атырау — Астрахань – 277 км;
  • Мерке — Шу — Бурылбайтал – 78 км.

Жол пайдаланушылардың өтініші бойынша ақылы жолмен жүру үшін ақы төлеу мерзімін жеті күннен 30 күнге дейін ұзарту нормасы енгізіледі. Тиісті түзетулер уәкілетті органдарда келісіліп жатыр, — деді Дархан Иманашев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, қазір республика бойынша 26 ақылы жол бар. Былтыр барлық учаскеден 87 миллиард теңге жиналды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да