Не болды?
Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Бегайым Сапарқызы 2022 жылдан бастап бапкер болып, «Оқжетпес» және «Елімай» әйелдер командаларын жаттықтырып, Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.
Бегайым Сапарқызы – Қазақстан әйелдер құрамасы тарихында ең көп матчқа қатысып, рекорд орнатқан спортшы. Ол 11 рет Қазақстан чемпионы атанып, 10 мәрте Қазақстан кубогын жеңіп алған. 2003 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойындарға қатысып жүр. Бегайым Сапарқызының еншісінде 85 ойын және 17 гол бар.
Контекст
Естеріңізге салайық, биыл Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
