Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

11,4 млрд теңге шығын: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы басшысы ұсталды

Фото: Glavk.info

Не болды?

«Проблемалық кредиттер қоры» басқармасының бұрынғы басшысы лауазымын теріс мақсатта пайдаланғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, күдікті кепіл мүлкін сатудан түскен қаражатты жеке меншік иесінің ұстап қалуына заңсыз рұқсат берген. Заң бойынша ол қаржыны мемлекетке немесе қорға жіберуге тиіс еді. Жалпы шығын көлемі — 11,4 млрд теңге. Бұдан бөлек, ол мемлекет мүлкін төмен бағада сатқан. Салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.

Сыбайластары да ұсталды

Жалған құжат жасап, кепілге қойылған жер учаскелерін сатқан борышкер компаниялардың меншік иесі мен бұрынғы басшының сыбайластары да ұсталды. Олар қорға 800 млн теңге шығын келтірген.

Сот санкциясы нәтижесінде күдіктілер Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Батыс Қазақстан облысында басшылардың жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырып отырғаны анықталды.

Мақалаға реакция