Не болды?
Түрмеде отырғандарға телефон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ішкі істер министрлігі ашық НҚА порталында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі азаматтарға жеңілдік енгізу жобасын жариялады.
Құжаттағы жаңа қағидалар бойынша, сотталғандарға мекемеден тыс жерде телефон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін. Оған қоса, қауіпсіздігі төмен мекемелерде жазасын өтеушілер терминал арқылы кездесу, қалаға шығу жайлы өтініштерін өткізе алады. Мінез-құлқы қалыпты, тәртіпті азаматтарға ынталандыру үшін «тыныштық сағаты» беріледі.
Қоғам жобаны 11 наурызға дейін ашық талқылай алады. Бұл үшін жобаның астындағы пікірге жазу керек.
Контекс
Естеріңізге салайық, енді сотталғандар туыстарымен бейноқоңырау арқылы сөйлесе алады.
