БАҚ: Ким Чен Ын 13 жастағы қызына әскери секторды сеніп тапсырды

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы елдің зымыран құрылымында жетекші рөл атқарып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

The Chosun Daily басылымының мәліметінше, 13 жастағы Ким «зымырандар жүйесінің бас директоры» қызметін атқарады. Ол Солтүстік Кореяның Еңбек партиясы съездеріне қатысып, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға араласады.

Ким Чен Ын қызына ядролық және зымыран сынақтарына қатысты іс-шараларға үнемі қатысуға мүмкіндік беріп келеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам оның әскердегі беделін ерте жастан қалыптастыруға бағытталған болуы ықтимал.

Ресми түрде зымыран бөлімін генерал Чан Чан-Ха басқарады. Алайда барлау деректері бойынша, көшбасшының қызы генералдардан есеп алып, тапсырмалар беруі мүмкін.