1414 нөмірінен келетін SMS алаяқтық көбейді

Алматының ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы 1414 нөмірінен келетін хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық деректерінің жиілегенін тіркеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, алаяқтар азаматтарға «жеке деректеріңіз ұрланды» деп сендіріп, өздерін банк немесе құқық қорғау органдары қызметкері ретінде таныстырады. Оларды қосымшалар орнатуға, күмәнді сілтемелерге өтуге немесе ақша аударуға үгіттейді.

Басқарма бастығы Әнес Қалдыбаевтың айтуынша, бұл әрекеттер тек психологиялық қысымға негізделген, ал SMS арқылы ешкімнің банк есепшотына қолжетімділігі жоқ. Әсіресе егде жастағы адамдар зардап шегеді. Полиция жеке деректер мен кодтарды ешкімге бермеуге, ақпаратты ресми жолмен тексеруге шақырады.

Сонымен қатар интернеттегі жалған инвестициялар мен тауар сату схемалары, «туысыңыз жол-көлік оқиғасына ұшырады» деген қоңыраулар арқылы ақша бопсалау жағдайлары да жиі тіркеледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да