«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жамбыл облысында
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының:
- 159-214 шақырымы (Кенен ауылы – Қордай ауылы аралығы);
- 159-238 шақырымы (Кенен ауылы – Қайнар ауылы аралығы) жабылды.
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы ұйымдастырылып отыр.
Павлодар облысында
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) көлік қозғалысы шектелді.
Шығыс Қазақстан облысында
Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66 шақырымы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) учаскесінде қыс мезгілі аяқталғанға дейін сақталады.
