Басты бет / Жаңалықтар /
e6624712d0ab44431852fd55350bbd73 Астана әуежайы бір жарым ай бойы күндіз істемейді
Фото: East-wing.kz

Астана әуежайы бір жарым ай бойы күндіз істемейді

Не болды?

Астана халықаралық әуежайы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында күндізгі уақытта істемейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, ұшып-қону алаңдары 10:00-ден 18:00-ге дейін бір жарым ай бойы жабық болады. Осы уақытта ұшуға тиіс халықаралық және ішкі рейстер таңғы немесе кешкі уақытқа ауысады. Әуе компаниялары мен уәкілетті мемлекеттік органдар рейс уақытын өзгертуге келісім берген.

Әуежайды уақытша жабуға себеп – ұшып-қону жолағы жөнделеді. Сондықтан әуе порты рейстерді қабылдамайды. Бұл әуеайлақ инфрақұрылымы мен ұшу қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, биыл Астана әуежайында екінші ұшып-қону жолағы салынады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram