26-27 ақпан күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Екі мемлекет басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
