15 наурыздағы референдумға қанша қаражат бөлінді?

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортник 15 наурызда өтетін референдумға бөлінетін нақты қаражат көлемін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оның айтуынша, бастапқыда 20,8 миллиард теңге көлемінде шығыс қарастырылған. Қаржы министрлігімен пысықтау нәтижесінде жалпы сома 20 миллиард 778 миллион 515 мың теңге болып бекітілді.

Бұл қаражат орталық референдум комиссиясы мен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі арасында бөлінеді. Сыртқы істер министрлігі белгіленген қызметтер үшін 123 миллион 634 мың теңге алады. Қаражат тиісті комиссиялардың есепшоттарына аударылған.

Михаил Бортниктің сөзіне қарағанда, бөлінген қаражаттың шамамен 75%-ы аумақтық комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге бағытталады.