Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. Президент Питер Фостердің Air Astana компаниясын Еуразиядағы жетекші әуе тасымалдаушылардың біріне айналдыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу және алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелері қарастырылды.
Мемлекет басшысы отандық авиация саласының бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың маңызын атап өтті.
Еске салайық, Air Astana акционерлері Airbus компаниясымен 25 ұшақ сатып алу туралы мәміле жасасуға шешім қабылдаған болатын.
