Басты бет / Жаңалықтар /
672a912db1d2a6372406342e800b81f2 Әлеуметтік желіде казино ұйымдастырған әйел сотталды
Фото: Sarinform.com

Әлеуметтік желіде казино ұйымдастырған әйел сотталды

Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сот мәліметінше, ол әлеуметтік желілер арқылы онлайн-казино ұйымдастырып, азаматтарды тікелей эфирде құмар ойындарға қатысуға шақырған.

Ақтөбе қаласының №2 сотында қылмыстық кодекстің 307-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») бойынша қылмыстық іс қаралды. Ойыншылардан банк шоттарына аударылған қаражаттың жалпы көлемі 52 миллион теңгеден асқан, – делінген хабарламада.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындағанымен, оның әрекеті куәгерлердің айғақтары, банк мәліметтері және басқа да материалдармен толық дәлелденген.

Сот үкімі бойынша әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Дегенмен, оның кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, жазаны өтеу төрт жылға кейінге шегерілді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok