Михаил Шайдоров танымал рәпер Снуп Догпен кездесті

Миланда танымал рәпер Снуп Догг пен Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы, 2026 жылғы олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров кездесті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кездесу видеосы Қазақстан олимпиада комитетінің Instagram-парақшасында жарияланды.

Видеода Снуп Догг пен Михаил Шайдоров амандасып, қол алысады. Фото мен видеоға түседі. Кездесу Милан соборының алдында болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Еске салайық, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы қысқы олимпиада алтынын жеңіп алды. Михаил Шайдоров алтын медаль үшін 250 мың доллар алады.