Конституция күні 15 наурызда тойлануы мүмкін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев егер жаңа Конституция жобасы қабылданса, онда Ата заң күні де өзгеруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Конституцияны мұқият оқыған болсаңыздар Конституция қабылдаған күні біздің елімізде мереке ретінде тойланатыны айтылған. Сондықтан егер Конституция қабылданып жатса, мерекеміздің де күні өзгереді, – деді Мәулен Әшімбаев сенат кулуарында.

Оның сөзіне қарағанда, 15 наурызды жаңа Конституция күні деп атап өтуіміз мүмкін.

Естеріңізге салайық, Конституцияның жаңа мәтінін сайтымызға жариялаған едік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да