Михаил Шайдоров алтын медаль үшін 250 мың доллар алады

Олимпиада чемпионы болған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын медаль үшін 250 мың доллар алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұған дейін Қазақстан алтын медальға 250 мың доллар, күміс медальға 150 мың доллар, қола медальға 70 мың доллар беретіні белгілі болған. Бір айта кетерлігі, Қазақстан медаль үшін ең көп сыйақы ұсынатын елдер қатарында тұр.

Бұдан бөлек, биылғы қысқы олимпиада ойындарына спортшыларды дайындау үшін 13,3 млрд теңге жұмсалған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы қысқы олимпиада алтынын жеңіп алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да