Не болды?
Әнші Жұбаныш Жексенұлы Қытайдың Иу қаласындағы көктем мерекесіне арналған гала-концертте ән шырқады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Insider Kazakhstan редакциясының мәліметіне қарағанда, Жұбаныш Жексенұлы әлемдік деңгейдегі Лионел Ричи, Жеки Чан сынды жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетті. Қытайдағы көктем мерекесіне арналған басты телешоу — Spring Festival Gala жобасы. Биыл телешоуға түрлі елдің әртістері қатысқан.
Биыл осы жоба аясында аймақтағы сахналардың бірі ретінде алғаш рет Иу қаласы таңдалған. Мұндай алаңдар орталық студиямен тікелей байланысып, біртұтас трансляция арқылы өңірдегі мәдениет пен халықаралық қонақтардың өнерін көрсетеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Жеки Чан қазақстандық Роберт Кунды өзі түсетін фильмнің режиссеры етіп таңдап алды.
