Алматыда 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-де жер сілкінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 74 км. жерде орналасқан. Алынған деректер өңделіп жатыр, — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
