Жүргізушілерге ескерту: бірнеше облыста жол жабық

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолдың қазіргі ахуалы туралы ақпарат жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде қозғалыс шектеліп, кей учаскелерде жылдамдық режиміне өзгеріс енгізілді.

Жылдамдық режимі өзгертілген жолдар

Қарағанды облысы:
«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164-шақырымы (Анар станциясы – Теміртау ақылы жол бекеті).

Ақмола облысы:
«Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу бекеті)» автожолының 18-232-шақырымы.

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде қозғалыс уақытша шектелді:

Алматы облысы:
«Қонаев – Күрті» (0-67-шақырым);
«Астана – Қарағанды – Алматы» (2436-2295-шақырым);
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» (59-143-шақырым).

Жамбыл облысы:
Аталған халықаралық дәліздің бірнеше учаскесінде (143-214, 159-238, 238-476, 476-534, 534-593-шақырым) қозғалыс шектелген.

Түркістан облысы:
Сол автожолдың 593-654-шақырымы (Жамбыл облысы шекарасы – Машат кенті).

Павлодар облысы:
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі.

Шығыс Қазақстан облысы:
Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымында қыс маусымы аяқталғанша сақталады.

Ұлттық компания жүргізушілерге сапар алдында жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды.