Алматыда 15 ақпанда Winter Run-2026 жарысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Дәстүрлі спорттық іс-шараға шамамен 2 500 адам қатысады.
Жарыс «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанынан басталады. Қатысушылар әл-Фараби даңғылы бойымен Гагарин даңғылына дейін жүгіріп, кері бұрылып, бастапқы нүктеге қайта оралады. Бағдарламада 10 шақырым, 7 шақырым скандинавиялық серуен және 3 шақырым балалар жарысы қарастырылған.

Іс-шараға байланысты 15 ақпанда бірқатар көшеде уақытша шектеу енгізіледі.
- 04:00-ден 12:00-ге дейін Ю. Померанцев көшесінің әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
- 08:00-ден 10:45-ке дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы Меңдіқұлов бульварынан Серкебаев даңғылына дейін жабық болады.
Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі ашық қалады. Шығыс бағыттағы қозғалыс Тимирязев көшесі арқылы ұйымдастырылады.
