13 ақпан күні Италияның Милан және Кортина қалаларында XXV қысқы олимпиада ойындарының алтыншы жарыс күні басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бүгін алты қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
15:45 — шаңғы жарысы, жекелей сайыс (ерлер)
Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков
18:00 — биатлон, спринт (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов
23:00 — мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер)
Қатысушы: Михаил Шайдоров.
Еске салайық, Қазақстан қысқы олимпиада ойындарынан алтын алған спортшыға 250 мың доллар береді.
