Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметші қаза болды

Фото: Ерқанат Аманкел
Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаруды ұстау кезінде жарақат алып, қаза болды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға байланысты ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы бас прокурордың жеке бақылауына алынған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды. Сонымен қатар әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті қауіпсіз өткеру мәселелері жақын арада бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралатын болады, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қаза тапқан сарбаздың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.

Мақалаға реакция