Не болды?
Алматыда Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 45 мекенжайында орналасқан ғимараттың сүрілгені талқыланып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Журналист Юрий Дорохов Facebook парақшасына жазған ақпаратқа қарасақ, Алматы қаласындағы кезінде революционер Лев Троцкий тұрған «Жетісу» тарихи қонақүйінің ғимараты сүрілген. Юрий Дорохов бұрын қала қонақтарымен Панфиловшылар паркі маңында серуендегенде осы ғимаратты көрсетіп, Троцкий туралы айтатын. «Бұл ғимарат қабырғасының бірінде алтын емес, алтыннан да қымбат өз хаттарын жасырған құпия орны бар» деген аңызды да қонақтарына айтып жүрген.
Жұрт таңғалып, таңдай қағатын. Алайда енді бұл аңыз бен ақпаратты ешкімге айта алмаймын, мұнда шыны ғимарат, яғни қонақүй салынады, — деп жазды Юрий Дорохов.
Әкімдік не дейді?
Алматы әкімдігі ғимараттың сүрілгенін қатысты пікір білдірді.
Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде Алматыдағы тарихи ғимарат сүрілді деген ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл жалған. Мемлекеттік активтер басқармасының мәліметінше, Гоголь көшесі, 45 мекенжайындағы 1908 жылы салынған екі қабатты ғимарат ешқашан тарихи және мәдениет ескерткіштер тізіміне кірмеген, — делінген ресми хабарламада.
2022 жылдан бері ғимарат техникалық жағдайы нашарлығандықтан, пайдаланылмаған. 2025 жылғы техникалық тексеріс қорытындысы бойынша ғимарат қалпына келтіруге жарамсыз, апатты.
Осыған байланысты нысанды толық бұзу туралы шешім қабылданған. Қазір ғимарат сүріліп болуға жақын, жер телімі мемлекет қорына өтеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда өз бетінше салынған құрылыс нысандары сүрілді.
