Былтыр Қазақстан халқы 40 мың алтын құйма сатып алған

Не болды?

2025 жылы халық банк мен жеке айырбастау пункінен жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 40 мың алтын құйма сатып алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бұл – кері сатып алған құймаларды қоса есептеген көрсеткіш. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, бағдарлама аясында сатылған алтын құймалардың жалпы саны – 263 479, ал жалпы салмағы – 9 т.

Құймаларды сату бойынша көп бастап тұрған;

  • Алматы (20 526 дана, 74%),
  • Астана (1 650 дана, 6%),
  • Шымкент (1 099 дана, 4%) қалалары.

Алтын құймаларды қайдан сатып алуға болады?

Ұлттық банк құймаларды ЕДБ (екінші деңгейлі банк) мен жеке айырбастау пунктеріне сатады. Содан соң халық ЕДБ (екінші деңгейлі банк) мен жеке айырбастау пунктерінен құймаларды сатып алып, кері сата алады.

Алтын құймаларды:

  • Halyk Bank,
  • Еуразиялық банк,
  • Alatau city bank,
  • Центр кредит банкі арқылы сатуға, кері сатып алуға болады.

Контекст

Естеріңізге салайық, дүниежүзі алтын кеңесінің рейтиңі бойынша, Қазақстан алтын сатып алудан әлемде екінші орында тұр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да