Не болды?
УЕФА чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі үздік 10 сейвті анықтады. Тізімде қазақ қақпашы Темірлан Анарбектің сейві де бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Qazsport.kz ақпаратына қарағанда, чемпиондар лигасының инстаграм парақшасы Темірлан Анарбектің «Копенхегенге» қарсы матчта жасаған сейвіне ерекше назар аударыпты.
Ақпарат
Темірлан Анарбек — кәсіби футболшысы, қақпашы. Ол Алматының «Қайрат» футбол клубында және Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Темірлан Анарбек «Қайратпен» келісімшарт мерзімін ұзартқан еді.
«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбек матчтың үздік ойыншысы болды. Ол — Чемпиондар лигасы матчының «ең үздік ойыншысы» болған алғашқы қазақ.
