Тоқаев: Кәсіпкерлерді шаш ал десе, бас алатындай тексеруді доғару керек

Не болды?

Кеңейтілген үкімет отырысында президент кәсіпкерлерді жөнсіз тексеруді сынға алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекет басшысы былтыр кәсіпкерлерге қатысты тексерістің 85%-ы жоспардан тыс жүргізілгенін айтты. 2020 жылы 70 мың тексеру ісі тіркелген, 2025 жылы бұл көрсеткіш 92 мыңға дейін артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мұндай тексерулердің орнына медициналық қорды немесе жекеменшік мектептерді, әлеуметтік жеңілдіктер беру жүйесін тексеру керек еді.

Бизнесті қолдау саясатын түбегейлі өзгерту керек

Үкімет «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қолдау саясатын түбегейлі өзгерту туралы ұсыныс әзірлеуі керек. Ұсыныстар 1 сәуірге дейін енгізілуге тиіс. Әр кәсіпкер смартфон арқылы тікелей қолдана алатын біртұтас цифрлық экожүйе қажет. Қазіргі реттеу шаралары кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі туғызады, материалдық шығын келтіреді, — деді Тоқаев.

Контекст

Естеріңізге салайық, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Мемлекет басшысы отандық жасанды интеллектің тиімділігін сынға алып, KazLLM жүйесіне деген сұраныстың төмен екенін атап өтті.

Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың V отырысында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесі талқыланған еді.