Алматы тұрғыны inDrive.Курьерлер сервисінен шетелге жолдама жеңіп алды

inDrive — көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы — Алматыдағы серіктес курьерлер арасында ауқымды ұтыс ойынын қорытындылады.

2025 жылғы желтоқсанда қатысушылар бағалы сыйлықтар үшін бақ сынасты. Олардың ең құндысы – 1,5 миллион теңгелік шетелге жолдама. Сонымен қатар акция аясында электрон велосипедтер, смартфондар және Magnum сауда желісінде азық-түлік сатып алуға арналған сертификаттар ойнатылды. Бас жүлденің жеңімпазы курьер Қосжанов Мақсат Талапұлы болды. Ол бір жарым жыл бойы inDrive сервисінде жаяу курьер болып, қосымша табыс табады. Бәйгеге қатысу кезінде ол үнемі тапсырыстарды орындап, «Платинум» деңгейіне жетті, бұл оған ұтыс ойынының финалдық кезеңіне қатысуға мүмкіндік берді. Мақсаттың сөзіне қарағанда, жеңіс ол үшін тосын сый болды. Ол жүлдені жеңіп алуды мақсат етіп қойған жоқ, тек әдеттегідей жұмысын жасады. Шетелге жолдаманың иесі болғанын естіген курьер алаяқтармен бетпе-бет келдім деп хабарға сенімсіздікпен қарап, ұтыстың шынайылығына компания ресми түрде растағаннан кейін ғана көз жеткізді. Ұтыс ойыны 2025 жылғы 8-28 желтоқсан аралығында Алматыда өтті және үш кезеңге бөлінді. Апта сайын кем дегенде 20 тапсырысты орындаған және «Платинум» деңгейіне жеткен курьерлер арасында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен Magnum сертификаттары мен Samsung Galaxy S25 Plus смартфондары сияқты аралық жүлделердің жеңімпаздары іріктелді. Финалда алдыңғы кезеңдердің барлық қатысушы арасында төрт электрон велосипед және бас жүлде — құны бір жарым миллион теңге болатын шетелге жолдама сарапқа салынды. Үш аптаның ішінде акцияға мыңнан астам курьер қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзі бойынша, процесс толықтай ашық әрі әділ өтті. Бас жүлдеден басқа, компания:

  • Құны 20 000 теңге құрайтын Magnum супермаркет желісіне 150 сертификат,
  • 6 Samsung Galaxy S25 Plus смартфондары,
  • 4 электрон велосипед ойнатты.

inDrive.Курьерлер өкілдері мұндай бастамалар курьерлерді ынталандырып қана қоймай, қоғамдастықтың сенімін арттыратынын атап өтті. Көптеген қатысушы бұрын ешқашан жүлделерді жеңіп алмағанын айтты, ал алынған сертификаттар олар үшін күнделікті шығындарда айтарлықтай қолдау болды.

inDrive.Курьерлер қызметінде серіктестер — сервистің негізгі тірегі. Біз әрбір белсенді курьердің жеңіске жету мүмкіндігі бар адал және түсінікті ынталандыру механикасын құруға тырысамыз. Бұл ұтыс аудитория тарапынан жоғары қызығушылық танытып, айқын шарттар мен ашық коммуникация платформаға деген сенімді қалыптастыратынын растады, – деді inDrive-тың Қазақстандағы бизнес басшысы Арай Бекембаев.

inDrive.Курьерлер – бұл пайдаланушыларға рейтинг бойынша курьерді таңдау арқылы қызмет бағасын өз бетінше ұсынуға мүмкіндік беретін жеткізу қызметі. Сервис Қазақстанда 12 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан inDrive платформасының бөлігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да