Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Президент отандық ЖИ-ге сұраныстың төмендігін сынға алды

Фото: Depositphotos.com
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық жасанды интеллект өнімдерінің тиімділігін сынға алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы KazLLM жүйесіне деген сұраныстың төмен екенін атап, халық көбіне шетелдік ChatGPT платформасын пайдаланатынын айтты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, KazLLM және LLM жүйелері қазір 40-тан астам платформада қолжетімді, ал KazLLM бойынша 600 мыңнан астам сұраныс тіркелген.

Министр сонымен қатар отандық «Айту» мессенджерінің пайдаланушы саны 700 мыңнан асқанын айтты. Бұл жүйелердің сапасын халықаралық сарапшылармен бірге жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақалаға реакция