Президент төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бірінші кезекте премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жасайды. Еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және үкіметтің биылға арналған жоспары туралы айтады.

Цифрландыру үдерісі және жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев тоқталады.

Сонымен қатар ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы баяндайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да