Енді электросамокат ресми түрде көлік саналады

Не болды?

Былтыр Алматыда электрсамокат кесірінен 386 жол-көлік апаты тіркеліп, 400-ден астам адам жарақат алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Polisia.kz мәліметіне қарағанда, 2025 жылы жол қозғалысы ережесін бұзғандарға 24 мың әкімшілік хаттама толтырған. 10 мыңнан астам самокат арнайы тұраққа қойылған.

Енді электросамокат ресми түрде көлік болып саналады. Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Мопедтерді реттеу тәжірибесі жүйелі және қатаң шаралар нәтиже беретінін көрсетті – апат деңгейі азайып жатыр және тәртіп жақсарды. Дәл осындай тәсіл электр самокаттарға да қолданылады, — деді Алматының полиция департаменті басшысы Айдын Қабдулдин.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Президент жолдауында электрсамокат туралы заңға өзгеріс енгізу керек екенін айтты. Сол бастама бойынша заңда не өзгеруі мүмкін?

Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Прагада электрсамокатты жалға беру толық тоқтайтынын жазған едік.