Не болды?
FlyArystan рейсі кешіккесін, үш адамнан тұратын отбасы Дохадағы демалысына бара алмай қалды. Енді әуе компаниясы 1,3 миллион өтемақы төлеуі керек. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Бұл оқиға былтырғы жылдың қыркүйек айында болған. Козачков Telegram арнасының жазуынша, Юрий Трепелков, Ирина Трепелкова және олардың танысы Дохада (Қатар мемлекетінің астанасы) демалып қайтамыз деп жоспарлаған. Бұл үшін Шымкенттен Алматыға, Алматыдан Дохаға ұшуы керек болған.
Алайда Шымкенттен Алматыға ұшатын FlyArystan рейсі алты сағат кешіккен. Соның кесірінен Трепелковтар Алматыға жоспарлаған уақытта жете алмай, Дохаға ұшатын рейсіне үлгермей қалған. Әуе компаниясының Шымкенттегі қызметкерлері тек Шымкент-Алматы рейсі үшін өтемақы төлеп бере алатынын айтқан. Трепелковтар бұған келіспей, сотқа шағым түсірген.
Сот FlyArystan әуе компаниясына үш адамға, жалпы 1,3 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттейтін үкім шығарды. Өйткені олардың Дохада демалуға жұмсаған шығыны осындай. Оған қоса, компания әр адамға 200 мың теңге мораль шығынын төлеуге тиіс.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan жолаушылары 7 келі қолжүкпен ұша алады.
