«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлерлер палатасының бұрынғы басшысы Райымбек Баталов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.
Райымбек Баталов 1970 жылғы 21 қарашада Алматыда дүниеге келген. Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылдардың басынан бастап экономика секторында еңбек етті.
Әр жылдары металлургия, химия өнеркәсібі, энергетика және агроөнеркәсіп салаларында басшылық қызметтер атқарды.
Атап айтқанда, «Риддер Инвест» металлургиялық кешенін, Жаңа Жамбыл фосфор зауытын, Тобыл элеваторын, Меркі қант зауытын, Шымкент ЖЭО-3 нысанын басқарған.
2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП президиумының төрағасы міндетін атқарған, сонымен қатар Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» президиумының төрағасы болған.
